Бүлдіршінді оқтаумен ұрған. Алматы балабақшасында тағы бір дау шықты (видео)

Oinet.kz 27-12-2021 1132

Балаларды төпелеген тәрбиешінің әрекеті жұрт ашуын тудырды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тәрбиеші балалардың құлағын тартып, тіпті біреуінің ернін жыртып жіберді, деп хабарлайды Экспресс К.

Screenshot_2.jpg

Видеодан оның кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін, тағы бірде қолына оқтау ұстап келгенін көруге болады. Өз тарапынан қатігездік танытқан тәрбиеші оқтаумен балаларды ұрып шығады. Оның бұл іс-әрекеті мекемедегі бейнекамералардың біріне түсіп қалған.

Автор жазбада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Instagram-дағы ресми парақшасын белгіледі.

"Ерні жыртылған, денесіндегі қатты соққыдан алған іздер, құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады", — деп жазды ол.

Ызаға булыққан желі қолданушылары безбүйрек тәрбиешінің өзін де дәл осылай жазалап, түрмеге қамау керектігін айтты. Енді бірі балабақшаға енді сенбейтінін жазды.

Голливудтың 2021 жылы билеті ең көп сатылған фильмі анықталды
Нұрболат Абдуллин Қазақстандағы ең қымбат әншілердің бірі атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу