Қазақстанда бірнеше жылдан соң зейнетақы берілуі тоқтатылады

Oinet.kz 30-01-2020 2877

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бойынша әйелдер үшін зейнетақы жинағының белгіленген шекті сомасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады

«Мәселен, БЖЗҚ 30 жастағы ер адамның шекті жасын 6 млн 695 мың теңге деп белгілеп отыр. Бұл дегеніңіз оның 63 жасқа дейін тағы 33 жыл жұмыс істесе, ары қарай тағы 17 жыл бойы зейнетақы жинағынан елдегі минималды зейнетақының мөлшерінен көбірек төлем ала алатынын білдіреді. Елдегі минималды зейнетақының мөлшері қазіргі таңда 38 636 теңге», - деді Біржан Нұрымбетов Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстелде. Министрдің айтуына қарағанда, бұл ретте әйелдердің шекті жасы жоғарырақ. 

«Мұның себебі – әйелдердің ерлерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 5 жылдан 22 жылға дейін артық болуында. Зейнет жасына дейін ақша жинап, ары тағы 22 жыл өмір сүру үшін үлкен сома керек. Сол себепті, 30 жастағы ер адамға 6,7 млн теңге десек, әйелдер үшін шекті сомасы – 9,6 млн теңге», - деді ол.

«Зейнетақы жинақтары болашақта зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған қағидат сақталатын болады. Мүмкін, біз басқа да шарттарды қарастырамыз, алып-қосамыз, өзгертулер болады. Айта кету керек, шамамен 20 жылдан кейін елімізде мемлекеттен зейнетақы алатын адам қалмайды. Қазірдің өзінде қазақстандықтар  БЖЗҚ-ға өздерінің кейінгі өмірін кепілдендіретін ақша жинауда», - деді Біржан Нұрымбетов.

Қытай коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар бөлді
Ақтаулық танымал әнші теміртордың ар жағынан видеоүндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу