Ақтаулық танымал әнші теміртордың ар жағынан видеоүндеу жолдады
Кезінде танымал болған ақтаулық ДМХ ("Долина мелких хулиганов) рэп-тобының экс-әншісі Қанат Мырзағұлов түрмеде отырып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған OINET.KZ.
Әншілер тобы осыдан 20 жыл бұрын құрылған еді. Ең алғашында олардың ән жазатын арнайы студиялары да болмапты, музыканттар өздері шығарған әуендерін көшелерде, үйлердің ауласында отырып айтады екен. Артынша ДМХ тыңдармандардың, әсіресе бойжеткендердің көзайымына айналыпты.
2001 жылы топ өздерінің "Қазақша стиль" атты алғашқы музыкалық альбомдарын жариялаған. Ал 2002 жылы ДМХ бірінші концертерін өткізген. Олар қазақ тілді рэп шырқауды бастаған топтардың біріне айналаған.
"Ақтаудың сол кездегі жастары ДМХ естен шығарған жоқ. Бірақ әншілер тобы жетеміз деп жоспарлаған атаққа сол күйі ие бола алмады. Бұған себеп Қанаттың заңға қайшы әрекеттері болды, сірә. PlayDog тобы құрылғаннан кейін ол қылмыс жасап қойды. Бұл кезде Қанаттың жасы 18-де еді. 2000 жылы мамыр айында әнші үш жылға шартты мерзімге кесілді. Бір жылдан кейін амнистия бойынша жазадан босатылды", - делінген Маңғыстау облысының қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің баспасөз-мәлімдемесінде.
Ал 2003 жылы музыкант одан да ауыр қылмыс орындаған. Алматыда ол қылмыстық топтың құрамында болып, бұзақылық шабуылға қатысыпты. Он жыл бас бостандығына айырылған ол 2009 жылы қылмыстық мерзімінен бұрын босатылыпты.
2011 жылы соңғы альбом жарық көргеннен кейін Қанат тағы да шабуыл жасағаны үшін түрмеге қамалған. Әнші он жылға абақтыға жабылып, кәнігі қылмыскер деп танылған.
Қазір Қанат Мырзағұловтың жасы 38-ге келген, өмірінің 15 жылын ол темір тордың ар жағында өткізіпті. Оның бостандыққа шығуына екі жыл қалыпты. Өзінің қателіктерін түсінген әнші түрмеде видеоүндеу жариялапты.
"Рэпер менің жағдайым басқаларына үлгі болсын екен деймін. Денесінде қаны ойнап тұрған жас жігіттер қылмыстық романтикаға беріліп кетпесе екен деймін. Оңай ақшаны қуып, ұрлыққа берілудің қажеті жоқ. Одан да адал еңбекпен ақша тапқан дұрыс. Сол үшін түрмеге жабылып қаласыздар, мұнда отырып ауруға айналасыздар. Біздің отанымызда біз адамгершілікті, өзара түсіністік, ауызбіршлікті насихаттауымыз керек", - деп күрсінді Қанат Мырзағұлов.