Танымал КВН-ші жүрегінен инсульт алып, комаға түсті

Oinet.kz 30-01-2020 930

"Армяндық құрама" көңілді тапқырлар клубының ойыншысы 25 жастағы Овик Григорян комаға түсті. Команданың Instagram желісіндегі парақшасында ер азаматта мидың аневризмасы бар екені көрсетілген.

Картинки по запросу квн казахстан

Григорянның командадағы достарының айтуынша, ол 8 қаңтарда өзін жайсыз сезінген. Содан кейін дас жігіт инсультпен ауруханаға түскен.

Ол медициналық мекемеде тиісті ем қабылдап шыққаннан кейін, 23 қаңтарда "Армяндық құрама" тобындағы достарымен демалып отырып, есін жоғалтыпты.

Дәрігерлер көңілді тапқырлар клубы қатысушысының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Ол өздігінен дем алады, бірақ миында гематома көп болғандықтан, оны емдеу әлі мүмкін емес. Григорян біршама жақсарған кезде, оған ота жасауға болады", - деп түсіндірді әзілдегі әріптестері.

Instagram желісіндегі командалар емделуге қаражат жинай бастаған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Григорянның еміне 1,5 миллион рубль қажет.

image.png

Ақтаулық танымал әнші теміртордың ар жағынан видеоүндеу жолдады
Еревандағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы Абайдың есімімен аталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу