Шымкенттегі 10 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылды
Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Еліміздің үшінші мегаполисіндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда осы жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның үшеуі жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры және 11 елдімекенде ішкі орам жүйелері.
Нәтижесінде 10 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылды. Тұрғындарға су беру жұмысы (абоненттеу) кезең-кезеңімен атқарылуда.
Жалпы қалада 81 елді-мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Тасымалдап ішетін 7 елдімекеннің барлығында ауыз су мәселесі шешілді. Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2 елдімекендері.
Оған қоса, кесте бойынша тұтынып келген Жаңаталап және Сәуле (276 орам) тұрғындары да мемлекеттік сапалы аузы суға қол жеткізді. Қаланың жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас елдімекеніндегі ауыз су жүйесі құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 3-мегаполистің сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға жетпек.
Құрылысы ағымдағы жылы басталған Құрсай елдімекені келер жылы сапалы ауыз сумен қамтылады.
Сайрам, Қайнарбұлақта құрылыс жұмыстары 2022 де жүргізіледі.
2023 жылға дейін қала тұрғындарын 100% сапалы ауыз сумен қамту жоспарда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі