Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді

Oinet.kz 14-12-2021 1408

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады. Бұл туралы Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

- "Хаменованың орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменеваға тағылған айыптар бойынша - ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Досмұхамбетов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Хаменева ұсталғанын естігенде "әрине, ренжідім" деп жауап берді әкім.

Ол қамауға алынғаннан кейін Хаменевамен байланыспағанын және құқық қорғау органдары оны жауап алуға шақырмағанын түсіндірді.

Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.

- "Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (...) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны мемлекет басшысы қабылдайды", - деді Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық дауынан кейін Атырауда Абай ескерткішін орнату жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін.

- "Ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданған. Пандемия кезінде жұмысты жүргізе алмадық, ескерткішті биыл орнату жоспарда бар еді. Иә, уақыты созылуы мүмкін немесе созылмайды. Тергеу әсер етеді ме, айта алмаймын", - деп жауап берді әкім.

Түркістандық партия белсенділері «Құрмет грамотасымен» марапатталды
Шымкентте «Тіл — Тәуелсіздік тұғыры» атты конференция өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу