Камералдық бақылау нәтижелері бойынша кемшіліктер анықталды

Oinet.kz 09-12-2021 433

        Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жетекші  маманы С.Баетов тарапынан, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының (Камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді) негізінде – Түркістан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың 01 қыркүйектегі https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына жарияланған №6225750-1 «Түркістан облысы Түркістан қаласының Әл-Фараби, Ататүрік, Ерубаев көшелерінде 10-0, 4 кВ кабель желілерін салу құрлысы» мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы бойынша ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді. 

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»     

        Заңының (бұдан әрі – Заң)8 бабы 1 және 2 тармақтарына сәйкесорталықтан-дырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырадыдеп көрсетілген.

Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындайды делінген.

ҚР Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы №157 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бекітлген тізбесінің 2-қосымшасының 2.1 тармағына сәйкес «Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың (соммасы 116 680 000 теңге) еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстардан басқа) жұмыстар» мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асырады делінген.

Ұйымдастырушымен веб-порталда ашық конкурс тәсілімен жарияланған №6225750-1 «Түркістан облысы Түркістан қаласының Әл-Фараби, Ататүрік, Ерубаев көшелерінде 10-0, 4 кВ кабель желілерін салу құрлысы» мемлекеттік сатып алуларға бөлінген жалпы соммасы 220 131 008 теңгені құрайды.

        Осыған орай, конкурсты ұйымдастырушы Түркістан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Заңның 8 бабы 1 және 2 тармақтарының талаптарын сақтамай, сонымен қатар, аталған жұмыс ҚР Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржыминистрінің2019 жылғы 28 ақпандағы № 157 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бекітлген тізбесінің 2-қосымшасының 2.1 тармағында қарастырылғандығына қарамастан негізсіз №6225750-1 «Түркістан облысы Түркістан қаласының Әл-Фараби, Ататүрік, Ерубаев көшелерінде 10-0, 4 кВ кабель желілерін салу құрлысы» мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялаған.

         Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

С.Баетов,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

Бас маманы

М.Әйтенов: Денсаулық сақтау саласында басты мақсат – қызмет сапасын арттыру
Выявлены необоснованные требования
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу