Заңды тұлғалар тапсыратын декларациялар мен заңнамадағы соңғы өзгерістер талқыланды

Oinet.kz 01-12-2021 721

Аудан қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы заңына енгізілген соңғы өзгертулер туралы» кеңінен түсіндірілді. Аталған тақыпта әкімдіктің мамандарына баяндаманы «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Айжан Кесебаева  оқыды. 

image.png

Жиында  алдағы уақытта жеке және заңды тұлғалар тапсыратын декларациялар мен заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы сөз қозғалды.  Айжан Өмірзаққызының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатаң өзгерістер енгізілуде. Мәселен 1 қаңтардан бастап жауапты мемлекеттік қызметті атқарушылар және оның жұбайлары декларация тапсырады. Ал жаппай декларациялаудың екінші кезеңін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастау жоспарланған. 

Сондай-ақ, баяндамашы пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу фактілеріне тоқталып, мұндай жағдайдың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.

– Әр азамат сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, әр азамат мемлекет жүргізіп отырған саяси ұстанымдары мен бастамаларын қолдап, бұлжытпай орындаса Қазақстанның әлемдегі бәсекеге  қабілетті 50 елдің қатарына көрінетіні айдан анық, - деп қорытындылады Айжан Өмірзаққызы.

Ұлттық спорттық ойындар спартакиадасы
Назарбаев Горбачев пен Ельциннің арасындағы текетірес туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу