Ұлттық спорттық ойындар спартакиадасы
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің техникалық мамандықтарға арналған «Дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге арналған «Juldyzdy 30 kun» атты іс-шараның аясында «30 ұлттық ойын» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлттық спорттың 10 түрінен: асық ату, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, қол күрес, кір көтеру, ләңгі, аударыспақ, оқтау тартыс, бұқа тартыс, арқан тартудан факультетаралық 2021-2022 оқу жылына арналған ұлттық спорттан спартакиада өткізілді.
Спартакиаданың салтанатты жабылуында университеттің «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы Г. Жанысбекова жеңімпаздарды марапаттауға қатысып, студенттік командаларды ұлттық ойын түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірірді ұлттық ойын түрлері бойынша жарыстардың тұрақтты түрде өткізіліп отырылуына тілек білдірді.
#руханижаңғыруОҚУ