Екі оқушының ойыны қайғылы оқиғамен аяқталды (видео)

Oinet.kz 11-11-2021 979

Жамбыл облысы Меркі ауданында пневматикалық қарудан жарақат алған 14 жастағы Тескентоған ауылының тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Қайғылы оқиға 9 қарашада болды. Полиция оқушының досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қару алып, далада құс атқан кезде жарақат алғанын анықтады.

КТК телеарнасының айтуынша, бала басынан алған жарақаттан қайтыс болды. Полиция әзірге бұл істі "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тіркеді. Марқұмның туыстары кінәлілерді жазалауды талап етеді.

- Олардың жазаланғанын қалаймын, өйткені қаруларын қараусыз қалдырған. Өз баласын қорғап, біздің баламыз өзін атып тастады деп отыр. Сонда бұл суицид болғаны ма? Бірақ олай емес. Бұл - ересектердің немқұрайдылығы, - дейді марқұмның туысы Балғын Балқарбай.

Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді
Ақтау тұрғыны көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу