Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Әлеуметтік желіде Шонжы ауылының маңында өртенген көліктің видеосы пайда болды. Бұған қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Ведомство мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат онда Ұйғыр ауданындағы Шонжы-Ақсу-Ұзынтам тас жолының 3 шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi мен Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан көліктер өртке оранған. Екі жүргізушінің де оқиға орнында қаза тапқаны белгілі болды. Олардан бөлек жапон көлігінің жолаушысы да қайтыс болды. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды, ал 5 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.