Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды

Oinet.kz 19-10-2021 768

Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

image.png

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.

Еске салайық, 18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкері кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

20 қазаннан бастап карантин талаптары жеңілдейді
Министр Тоғжанов шенеуніктерді жазалауды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу