Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды
Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған, - дейді құқық қорғау органдары өкілі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.