Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді

Oinet.kz 15-10-2021 705

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте  індеттің таралуы азайып,  инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі  қысқартылды.

image.png

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдылығы 42% құрайды.

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар 60 болса, белгілері жоқ 11. Індет жұқтырған 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы  коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқыдағы 100 пайыз жопсарды орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада  вакцина салуға болатын 536 мың адам бар болса, оның барлығына екпе салынды.  Бұған қоса  бұл категорияға  қосымша 60 мың адам қосылды.

Қазірде  қала бойынша  I компонентпен 536 000 адамға, ІІ компонентпен 454 848 адамға вакцинациялау жасалды

«Shymkent Zhastar ligasy» жобасының екінші маусымы басталды
Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу