Қазақстандық пойыздарда әйелдер вагоны пайда болды
Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында тек әйелдерге арналған вагондар пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- "Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 10 қазанынан бастап Алматы - Өскемен және Алматы - Маңғыстау бағытындағы екі жолаушылар құрамында әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына билеттерге сұраныс болған жағдайда бұл жоба басқа бағыттарға таралады.
- "Сырттай қарағанда ештеңе білінбейді, жүру құны бірдей, купеде әйел көршілері болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мұндай вагондарға "еріп жүретін адам болған кезде жеті жасқа дейінгі ер балалар" да отырғызылады.