Алексей Цой: «Өзін-өзі алдау»
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.
- "Білесіздер ме, шектеу құқығы бар құжаттарға байланысты өз ісіне адал қарамайтын әріптестеріміз де бар болып жатады, ол бизнес индустрияға айналып кеткен. Бірінші болып тәртіп сақшыларына осы мәселені көтерген өзіміз, яғни "тазалау" жұмыстарын жүргізу үшін жұмысты шұғыл бастау керек болды. 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы жалған ПТР-анықтамасына байланысты болса, қалған жартысы жалған вакцинация паспортына қатысты. Әрбірі қарастырылып жатыр. Соттың шешімі шыға сала жалған құжаттар базадан алынады. Әр жағдайды қатаң бақылаймыз. Бүгінде әрбір кабинетте камера қойылған. Одан бөлек, ішкі бақылау бар. Яғни Денсаулық сақтау басқармалары да тексереді. Шыны керек, халыққа бұл өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысып жатырмыз", - деді Алексей Цой Мәжілістің үкімет отырысында.