Келінін «өлімге жеткізген» ене бес жылға сотталды
Бірақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қабылданған "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес, айыпталушы Зархол Мустонованың жаза мерзімі 1,5 жылға қысқартылды. Оның туыстары сот үкімі әділетсіз екенін айтып, жоғарғы инстанцияға шағымданатынын жеткізді.
Ақпаратқа қарағанда, Мустонова 25 жастағы келіні Хуршеда Холмуродоваға психологиялық қысым жасап, ол биыл 12 маусымда сірке суын ішіп қайтыс болған.
Марқұмның әкесі Чори Холмуродов қызы өзіне қол жұмсамағанын, оны өлтіріп қойғанын айтады.
"Хуршедаға күшпен сірке суын ішкізген. Сондықтан прокуратура “Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғау керек. Сот-медициналық сараптама қорытындысы қызымның денесінде ісіктер, көгерген тұстар бар екенін көрсетті", - дейді ол.
Хуршеда Холмуродова Турсунзаде қаласындағы медициналық колледждің 4-курсында оқып жатқан. Екі жыл бұрын тұрмысқа шығып, балалы болған. Жақындарының айтуынша, күйеуінің туыстары оның оқуына қарсы болып келген.
centralasian.org