Ақтас кентінің тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп бозарша ағашын екті

Oinet.kz 30-09-2021 984

Screenshot_2.jpg

"Көркейсе ауыл - көркейеміз бәріміз!" деген ұранды ұстанған Ақтас кентінің ақсақалдары бастаған ауыл тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп бозарша ағашын екті.

Құрғақ және ыстық климатқа,  күн сәулесіне төзімді бозарша - өмір ағашы деп аталатыны белгілі. Осы орайда, тәлімді іске белсене атсалысқан ауыл халқы әрбір ағашты егемен еліміздің жетістігімен байланыстыра отырып атауды ұсынды.

Елдімекеннің айналасын көркейту, дамыту, көрікті келбетін жандандыру, сондай-ақ әрбір ұрпаққа патриоттық рухты үлгі ету мақсатында ауылдың үлкен-кішісін жұмылдырып, игі іске бастамашы болған  ауыл әкімдігіне алғыс айтқан тұрғындар Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына ақ тілектерін арнап, ақсақалдар батасын берді.

- Ауылымыздың халқы жұмылған жұдырықтай болып ағаш егу ісіне белсене атсалысты. Кентіміздің көркейіп гүлденуі үшін әрқашан осындай игі істер жасала береді. Сонымен қатар, Ақтас кентіне қарасты елдімекендерде шешімін күткен абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды жобалар қолға алынады деп",' -Ақтас кентінің әкімі Дулат Сүлейменов осы іске қатысқан ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

«Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда
Келінін «өлімге жеткізген» ене бес жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу