Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Талдықорған қаласында жасөспірім жастағы қыздар балаларға арналған беседканы қиратқан. Бұл туралы Алматы қаласының Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенов Instagram парақшасында хабарлады.
- Талдықорған қаласында қыздар хайп үшін балаларға арналған беседканы қиратты. Қыздардың екеуі ауладағы беседканы сындырып жатқанда, үшіншісі бұл қылмыстық істі соткасына түсіріп жатты. Бұның бәрі тик-ток үшін! Бұл қыздарға не дер едіңіз? - деп жазды Қайрат Құдайбергенов.
Депутаттың парақшасында тастаған сауалына желі қолданушылары түрліше пікір қалдыруда.
- "Надан дер едім, басқа сөз жоқ", "Санасыз ұрпақ көбеюде", "Тек видео кешірім сұраумен құтылады 100%", "Тәрбиесіз, сүйкімсіздер! балалалық шақ дейін десем, келмейді! Сорлы қыздар екен. Үшеуінің фотосын бүкіл әлемге жария жасау керек. Тик-токтың көкесі сонда! Ит қыздар! Қыз деуге ұят", "Тәриелейтін лагерь керек бізге. Қазір көбі осындай психикалық ауру болып барады.Сосын бұл жұқпалы ау.Бүгін 3еу болса ертең 6ау болады сосын әр қаладан шығады", "Осыларды қоғамдық жұмыс салып қою керек", "Жалбыраған шаштарын талдап жұлу керек әкесі мен шешесі", "10000 сагат қоғамдық жумысқа салып қою керек. Базарға ма, Алде әжетқанаға жумыс жасату керек. Талдықорған Іші істер министрліктын сондай нұсқау тастау керек", "Миы жоқ қыздар. Тауып алып көше сыпырту керек.Ата анасына штраф төлету керек" - деп жазды олар.