Жарылыстан денесінің 85%-ын күйік шалған әскери қызметкердің жақындары билікке жүгінді (фото)
26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде зардап шеккен азаматтың жақындары биліктен көмек сұрауда. Денесінің 85%-ын күйік шалған әскери қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.
- "Өлгенін күтіп отыр ма?". Бұл кісі Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы. Қазір денесінің 85 пайызын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстан зардап шеккендердің ішіндегі жарақаты тым ауыр әскери қызметкер. Жарылыс болған әскери бөлімде бөлім бастығы, капитан Ерлан Рысқұлбекұлының жақындары, бауырымызды қарауға Нұр-Сұлтаннан, сырттан мықты дәрігерлер шақырып берсін деп талап етуде. Телеарнадан" мықты мамандарды тарттық" деп есеп беріп жатқанымен, шын мәнінде жергілікті дәрігерлер ғана қарап жатыр. Бізге онлайн көмек емес, Нұр-Сұлтаннан арнайы аппараттарымен мықты дәрігерлерді Таразға алдыруын талап етеміз, хатымызды құзырлы, жауапты органдарға жеткізіңізші, — деп Ерланның әпкесі Сандуғаш жазды. Өйткені, санавиациямен алып жүруге жарамайды депті дәрігерлер - дейді тележүргізуші.
Бауырының хәл жағдайы үшін алаңдаған Сандуғаш есімді азаматша әскерилер жарылыс болған күні қашып кетті деген ақпарат шындыққа жанаспайтындығын жеткізген.
- інім Ерлан әскери қызметкер,ауыр халде өлім мен өмірдің ортасында жатыр.Олар шын мәнінде жарылатын зат барын білмеді, білсе осы халге түсе ме? Өзгелерге де ескертетін еді. Сондықтан әскерилер қашып кетті деген дұрыс емес" —деді. Сұхбат беруге шамамыз келмей тұр, жанайқайымызды жауапты органдарға жеткізіңізші, — деп жазды капитанның әпкесі. Өлгенін күтіп, бетіне қарап отыр ма, неге мықты мамандарды Таразға алдырмайды, — деп жылап қалды.