«Педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі» - Асхат Аймағамбетов
Педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz.
- «Педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңін «үш жылда бір рет» болып қайта қарастыру бойынша тоқталсақ, осы тапсырма аясында педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. «Білім туралы» Заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі.
- «Президентіміз айтып көрсеткендей, педагогтар арнайы біліктілік курстарымен толығымен қамтылмай, өз қаражаты есебінен өтуге мәжбүр болған. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.