Жамбылдағы жарылыс: бетіне терезе сынығы тиген әйел жағдайын айтты (видео)

Oinet.kz 01-09-2021 1836

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде терезе шағылып, әйелдің бетіне шашылғаны түсіп қалған видео көпшілікті бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен әйел қазір жағдайы қандай екенін айтып, алаңдаған адамдарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Видео кейіпкерінің айтуынша, ол әріптесімен бірге жұмыстан кейін Тараздан 30 шақырымдай жерде орналасқан кафеге барған.

- Көлікпен келе жатқанда мен қою қара түтін шығып жатқанын көрдім және дала өртеніп жатқан болар деп ойладым. Мен тіпті ол жақта әскери қойма бар екенін де білмеймін. Жарылыс естілгенде тапсырыс беріп енді ғана болған едік. Не болғанын көру үшін тұрып, терезеге қарадым. Бұлай болады деп ойлаған жоқпын, - дейді әйел.

Оның айтуынша, жарылыс кезінде терезе сынығы бетіне шашырап, құлағы бітеліп қалған.

- Есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармай, бірден қалаға, дәріханаға бардық. Бетімдегі әйнек сынықтарын өзім алдым. Он шақты әйнек сынығын алдым. Үйге келген соң, жараны жуып, таңдым. Қатты шошынып қалғандықтан, ешқайда шықпай үйде отырдым, ұйықтай алмадым, тіпті жұмысқа да бармадым. Туыстарымның көбі маған не болғанын әлі білмейді, - дейді ол.

Зардап шеккен әйел қазір жағдайы жақсы екенін айтып, жағдайын сұрағандарға алғысын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

7207 қазақстандық коронавирус індетінен емделіп шықты
Тағы бір өрт сөндіруші жарылыстан кейін әлі табылмай жатыр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу