Соңғы тәулікте 5 222 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 222 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
- "Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 29 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 222 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 785 149-ға жетті", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 522,
Алматы қаласында - 1489,
Шымкент қаласында - 96,
Ақмола облысында - 257,
Ақтөбе облысында - 264,
Алматы облысында - 424,
Атырау облысында - 226,
Шығыс Қазақстан облысында - 160,
Жамбыл облысында - 100,
Батыс Қазақстан облысында - 86,
Қарағанды облысында - 624,
Қостанай облысында - 256,
Қызылорда облысында - 106,
Маңғыстау облысында - 154,
Павлодар облысында - 330,
Солтүстік Қазақстан облысында - 74,
Түркістан облысында - 54.
Қазақстанда 4 938 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 476,
Алматы қаласында - 1078,
Шымкент қаласында - 148,
Ақмола облысында - 283,
Ақтөбе облысында - 225,
Алматы облысында - 480,
Атырау облысында - 137,
Шығыс Қазақстан облысында - 107,
Жамбыл облысында - 50,
Батыс Қазақстан облысында - 62,
Қарағанды облысында - 1197,
Қостанай облысында - 8,
Қызылорда облысында - 129,
Маңғыстау облысында - 171,
Павлодар облысында - 198,
Солтүстік Қазақстан облысында - 95,
Түркістан облысында - 94.
Елімізде барлығы 667 096 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 29 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 611 018 адам, 2-компонентін 5 339 029 адам салдырды.