Өрт сөндірушілердің жарылысқа дейінгі және жарылыстан кейінгі видеосы пайда болды (видео)
31 арна тележүргізушісі, белгілі журналист Ирина Советжанқызы Жамбыл облысында жарылыс алдындағы және жарылыстан кейінгі видео жүктеді. Бұл видео журналистің Instagram парақшасында жарияланды.
- Бірінші видео — олардың аман кезі. Екінші видео — оқиға орны. Адам түгілі, өрт сөндіру көліктерінің де түгі қалмаған. Оқ дәрі жатқан қоймада алапат жарылыстың болатынын біле тұра онда өрімдей жастарды жіберу — кімнің бұйрығы? Ең болмаса, қаза тапқан ұлының, бауырының соңғы бейнесін де көре алмай қалған азалы елді, баласының шашылған денесін ДНК өткізіп, танып жатқан ата-ананы жұбатарға сөз жоқ(. Бақұл болыңдар, батырлар - деп жазды журналист.