Тәуіптің емінен кейін жағдайы нашарлаған бала жансақтау бөліміне түсті

Oinet.kz 26-08-2021 1110

Шымкентте 6 жасар бала халық емшісінің "көмегінен" кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты деп хабарлайды Otyrar.kz.

Screenshot_4.jpg

Телеарнаның мәліметінше, денесін күйік шалған баланы ата-анасы емханаға алып барудың орнына емшіге қаратқан. 

"10 күн бұрын бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Ол ауыр токсемия сатысында болды, маңызды мүшелерінің зақымдануына сәл-ақ қалған. Оған себеп - баланың ата-анасы емшіге жүгініп, ол күйік орындарына белгісіз май жаққан. Бұл балаға тек зиянын тигізген. Салдарынан бала осындай ауыр жағдайда ауруханаға түсіп отыр", - дейді дәрігер-комбустиолог Нұрпейіс Шырынбек.

Аурухананың хабарлауынша, баланы ауыр жағдайдан шығаруға қарқынды терапия бөліміндегі науқастарға арналған бірегей аппарат көмектескен. Аппарат төтенше жағдайларда қолданылады және өте ауыр күйде жатқан науқастың өз-өзіне келуіне мүмкіндік береді.

"Призмафлекс аппаратымен екі сеанс өткізілді. Бұл детоксикация. Аппараттың принципі - пациенттен қондырғы арқылы қан алынып, сүзгіден өткізіліп, тазартылып, барлық токсиндер жойылады, нәтижесінде балаға қаны таза күйінде қайта құйылады. Екі сеанстан кейін баланың клиникалық жағдайы жақсарды", - дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Давлат Жаббарханов.

Қазір дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайын бақылауды жалғастыруда. Оның жағдайы әр 20 минут сайын тексерілуде. Еске салайық, осыған ұқсас жағдай маусым айында Маңғыстау облысында болған еді. Ол кезде 8 жасар бала велосипедтен құлап қолын сындырып алған болатын. Ата-анасы жергілікті емшінің көмегіне жүгініп, біраз уақыттан кейін баланың оң қолында гангрена пайда болған. Салдарынан оның қолын кесуге тура келген.

Кейінірек полиция бұл іс бойынша тергеуді бастағаны белгілі болды. Зардап шеккен баланың ата-анасына айыппұл салынатыны хабарланды. 

Баян Мақсатқызы қазақстандық әкімдерді қатаң сынға алды
Өрттің шығу салдары анықталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу