Сәкен Майғазиев қызметінен кетті
Әнші Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің жетекшісі қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Шымкент қалалық мәдениет басқармасы Facebook және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында хабарлады.
Жазбаға сүйенсек, Сәкен Майғазиев «шығармашылық жұмысының көбеюіне» байланысты қызметтен кету туралы өтініш жазған. Ол бұл қызметке 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалған болатын.