Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

Oinet.kz 17-08-2021 653

Қазақстан Республикасының Президенті 16 тамыздан бері мемлекеттік сапармен Кореяда жүр, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды. Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Түркістан облысы вакцина салдыру бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты
Соңғы тәулікте 6 869 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу