Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы гранттарын ұсынады

Oinet.kz 11-08-2021

Халықаралық туризм және меймандостық университеті - Қазақстандағы туризм мен қонақжайлылық саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірінші мемлекеттік профильді университет.

image.png

Халықаралық туризм және меймандостық университеті сіздерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұсынады:

• В091-Туризм 

• В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі 

• В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Оқу ордасы жоғары сапалы білім береді, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметпен белсенді айналысады, сонымен қатар көптеген халықаралық ұйымдармен және қауымдастықтармен бірлесе жұмыс атқарады.

Университет студенттері халықаралық ұйымдарда бірегей қарым-қатынас тәжірибесімен қатар сапалы білім алады, өз саласының әйгілі мамандарымен бірге оқуға және бүкіл әлем бойынша кәсіби тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие болады.

Неліктен студенттер Халықаралық туризм және меймандостық университетін таңдайды?

• Бизнеске бағытталған білім беру бағдарламалары мен мамандықтардың кең ауқымы.

• Ірі әлемдік компаниялар мен «Rixos Antalya» қонақүйлерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі, Түркия Республикасы.

• Сапалы оқу мен керемет өмір сүру жағдайлары.

• Жоғары білікті оқытушылар.

• Жоғары топтағы студенттер Дүниежүзілік туристік ұйымында (UNWTO) білімі мен дағдыларын жетілдіреді.

2021-2022 оқу жылына Мәдениет және спорт министрлігінен  университетімізге «В091-Туризм», «В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламалары бойынша 800 грант орындары бөлінді. Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері география және шет тілі болуы қажет. ҰБТ -  ның жалпы балы 50-ден жоғары. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша кемінде 5 балл болуы қажет!

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грант конкурсына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 маусымы мен 19 тамызы аралығында жүргізіледі. Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 20-22 тамызы аралығында белгілі болады.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті туралы қосымша ақпаратты ресми сайттан, сондай -ақ келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:

Мекен-жайы: 161200, ҚР, Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім көш., 14Б.

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 225-83-27, +7 (777) 649-74-81, +7 (701) 703-57-57.

Instagram @tourism_university.

Биыл оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі - Мамин
Шымкентте қымбат медициналық қызметтер мен оталар қолжетімді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу