Мадина Сәдуақасова Бақтияр Артаевпен не үшін араласпай кеткенін айтты

Oinet.kz 30-07-2021 2688

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова кезінде жақсы араласқан досы Бахтияр Артаевпен неге байланысы үзілгені туралы бар шындықты айтты. 

MyCollages (2).jpgМадина Сәдуақасова Instagram желісінде барынша ашылып, оқырмандары жолдаған бірқатар сауалға жауап берді. Оқырмандардың бірі әншіден оның бұрынғы досы Бахтияр Артаевпен араласпай кетуінің себебін сұрады. Өнер иесі жасырмай бар шындықты ақтарды. 

"Иә, Бахтиярмен өте жақсы дос болдық, сыйластық. Мен Салтанат екеуінің тойларында болып, үлкен ұлдарының атын Әлинұр деп қойғанмын. Ол 2014 жылы Олжас екеуміздің тойымызға құттықтап келді. Ол кезде жастар, әншілер, спортшылар, актерлер, суретшілер, музыканттар бір-бірімен, бір буын жастар болып күшті араласатын. Ал кейін барлығымыз жан-жаққа кеттік. Бірақ, бәрімен жақсы сыйласамыз, қолдаймыз. Мерекелерде құттықтап тұрамыз. Ал Бахтияр Артаев еліміздің мақтанышы ғой", - деп ағынан жарылды эстрада жұлдызы. 

Соңғы тәулікте 7 778 адамнан коронавирус анықталды
Олимпиада чемпионы Ибраимов Абылайхан Жүсіповтың не үшін жеңілгенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу