Олимпиада чемпионы Ибраимов Абылайхан Жүсіповтың не үшін жеңілгенін түсіндірді

Oinet.kz 30-07-2021 1910

"Алматы" олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық федерациясы комиссиясының мүшесі, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымов Токио Олимпиадасында жеңіліс тапқан боксшыларымыздың ойынына талдау жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

MyCollages (3).jpgОлимпиада чемпионы 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жүсіповке тым көп жауапкершілік артылды деп есептейді.

"Абылайхан Жүсіпов пандемия кезінде бір жыл бойы Олимпиада ойындарын күтті. Бұл психологиялық тұрғыда өте ауыр. Содан кейін 69 келі салмақ қазақтардың салмағы болып саналды. Одан "алтын" алу парыз сияқты көрінетін. 

Қанша дегенімен жас боксшы осындай үлкен жауапкершілікті көтере алмады, ойында өте сылбыр ойнады, созған қолымен соққы жасамады, қашықты сезінбеді. Тек төбелесе берді, аяқ жағында америкалық боксшыдан жеңіліп қалды. Ең басты себеп – үлкен жауапкершілікті көтере алмағаны", - дейді Ермахан Ыбырайымов. 

Мадина Сәдуақасова Бақтияр Артаевпен не үшін араласпай кеткенін айтты
Данияр Елеусінов қазақстандық боксшыларды қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу