Қуаныш Шонбай: Оралмандар мен шымкенттіктер болмаса, Қазақстанда кәсіпкерлік дамымас еді

Oinet.kz 28-07-2021 5948

Танымал отандық коуч Қуаныш Шонбай өзінің YouTube платформасындағы "Төртеу түгел болса" жобасында елдегі кәсіпкерлікті дамытудағы қандастар мен шымкенттіктердің қосқан үлесі туралы айтты. Айтуынша, олардың ойлау жүйесі басқа қазақстандықтарға қарағанда өзгеше, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Screenshot_4.jpg

"Төргеу түгел болса" жобасына қазақтың жас кәсіпкері Қыран Талапбекті қонақ еткен Қуаныш Шонбай оның оралман екеніне назар аударған. Әңгіме барысында небәрі 23 жасында 100 млн теңгелік көлік сатып алатын дәрежеге жеткен жас видеографтың жеткен жетістіктері туралы да айтылды. Қыран Талапбек өзінің ата-анасы да кәсіпкер болғанын, соларға қарап өзі де ақша табуға ұмтылғанын тілге тиек етті. 

Сөз арасында Қуаныш Шонбай оралмандар мен шымкенттіктердің осы саладағы ынтасы ерекше екеніне тоқталып, өз пікірін қосты. 

"Олардың ойлау модельдері бөлек. Шынымен де, қазақ оралмандар мен шымкенттіктер болмағанда, Қазақстанда кәсіпкерлік дамымайтын еді деп ойлаймын. Соған сенемін. Себебі, ана кісілер қорықпайды. Олардың бойында батылдық пен батырлық бар. Бірақ бір минусы бар: білімге кішкене аз қарауы мүмкін. Бәрі емес. Бірақ олар еңбекке сенеді", - деді ол. 

Танымал бапкер қазақстандық боксшылар неге жаппай жеңіліп жатқанын айтты
7479 жағдай. Коронавирус жұқтырудың жаңа антирекорды орнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу