Алтынбек Қоразбаев шымкенттік дәстүрлі әншілердің кемшілігін айтты

Oinet.kz 29-01-2021 1365

143643223_2071592192982530_3212910240076741286_n.jpg

Пандемия кезінде еліміздің экономикасы ғана емес мәдениеті де құлдырады. Карантиндік режимге байланысты концерттер, жиын, тойлар, мәдени іс-шаралар шектелді. Алайда шырайлы Шымқаланың өнерпаздары өз шығармашылығын шыңдай түсуде. Оның үстіне жаңа жыл келе салысымен үшінші мегаполистің жандануына үлес қосқысы келетін танымал өнер адамдары да қалаға ат басын бұрып, тіпті қызметке тағайындалып көшіп келгендер бар, деп хабарлайды Oinet.kz

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып тағайындалған Сәкен Майғазиев қызметке орныға салысымен іс-шаралап жоспарын жасап, мәдениеті үйіндегі өнерпаздарды атестатциядан өткізуді ерте қолға алды.  Оған арнайы елімізге белгілі, кәсіби өнер иелері баға берді. Төрелік етушілер қатарында ҚР халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера және эстрада әншісі Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, хореограф, «Astana Ballet» ұжымының көркемдік жетекшісі Алила Алишева бар. 

– Біз міне, қасиетті шаңырақтың өнерпаздарын тыңдадық. Дәстүрлі әншілерді әнін тыңдап, бишілердің биін тамашаладық. Бұл жердің бишілері өте керемет. 2002 жылы мен Қазақ концертке бас директор болып келдім.  Қазақстан облыстарынан бір-бір өнерпаздардан жинап, Қазақ концерт ұжымында концерт қойдық. Осы Шымкенттегі филармонияның бишілерін өзім қалап алып кеттім. Орыс биі және қазақ биін биледі. Қазір де көріп жатырмыз киімдері де жақсы, қойылымдары кәсіби. Ал дәстүрлі әншілерге келер болсақ, өкінішке орай көп кемшіліктер бар. Оған енді олар кінәлі емес шығар. Алла Тағала берген дауысы бар. Бірақ қазір концерт жоқ, дайындық жоқ. Аузымызға бетперде тағы алып, тіпті немерелерімізге жолай алмай қалдық. Осыдан 40 жыл бұрын Оңтүстік Қазақтстан облысының филармониясы 2000-нан астам концерт қоятын. Мен ол кезде Жамбылдағы филармонияда едім. 1600 концерт қоятынбыз. Қазір осыны айтсаң, ешкім сенбейді. Ал қазір бүкіл орталық Қазақ концерт ұжымы жиналып қойғанымыз 100 концертке жетпейді. Бүгін ән айтқан өнерпаздарға тиісті бағасын қойдық. Өнердің аты – өнер. Кездейсоқ келген өнерпаздарға орын жоқ. Жақсыны жақсы деп айтамыз, болмайтынды болмайды деп айтамыз, - деп пікір білдірді брифинг барысында Алтынбек Қоразбаев.

«Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату» - Мұхтар Тайжан
Сайлауалды бағдарлама Түркістан өңірінің дамуына тың серпін береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу