«Ешқашан пара алған емеспін, арым таза» - Бердібек Сапарбаев
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының қанша екенін айтты.
Өңір басшысы журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Әңгіме барысында Аралбайұлы әкімнен жалақысының қанша екенін сұрады.
"800 мың", – деді Бердібек Сапарбаев.
"Қолға алатыныңыз ба?"
"Иә. Менің еңбек өтілім көп қой", – деп қысқа қайырды облыс басшысы.
Сондай-ақ Сапарбаев ешқашан пара алмағанын айтты.
"Мен әр уақытта арым таза екенін айта аламын. Мен еш уақытта пара алған адам емеспін", – деді әкім.
Айта кетсек, Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысын 2020 жылдың ақпанынан бері басқарады.