Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Oinet.kz 14-07-2021 809

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш қарастырылды. Сот аталған істің тергеу қорытындысымен танысқанша экс-министрді үйде тағы екі ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz.

Біртанов.jpg

Сот прокурордың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 2 ай бойы күдікті Біртановты үй қамауында ұстауға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырды. 

Осылайша, Біртанов үйқамақта отыру мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұдан әрі материалдармен танысқаннан кейін іс бойынша сот талқылауы басталады. 

Шымкентте жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 30 пайызға артады
«7 жыл тозақта өмір сүрдім»: Шымкенттік келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу