Министрді орнынап алып тастаған Тоқаев Үкіметке жем-шөп мәселесін шешуді тапсырды

Oinet.kz 10-07-2021 3234

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қолдау көрсету үшін бірқатар тапсырма берді.

Screenshot_7.jpg

"Өкінішке қарай, біздің елімізден бөлек, басқа аймақтардағы ауа райы да қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан көршілес мемлекеттерде жем-шөпке деген сұраныс күрт артуы мүмкін. Үкіметке "Атамекен" ұлттық палатасымен бірлесіп, жедел түрде жем-шөпті сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуды қарастыруды тапсырамын. Анағұрлым зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Үкіметті, әкімдіктерді және даму институттарын несиелерді қайта құрылымдау және жем-шөпке қосымша субсидиялар бөлу жұмыстары күтіп тұр", – деп атап өтті президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ әкімдіктер мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары және ҚР АШМ жедел түрде өзге өңірлерден жем-шөп сатып алу үшін жеңілдікті қаржыландырумен қамтамасыз ету керек.

"Бұл проблема қайталанады. Сондықтан жедел шаралардан басқа саланы жем-шөппен қамтамасыз етуді арттыру бойынша жүйелі шаралар қажет. Жем-шөп жинау жабдығын судсидиялауды жетілдіру, егін мен қоспа жемге арналған өнімдерді сатып алу көлемін ұлғайту қажет. Үкімет пен даму институттары жем-шөп өндірісі кезінде қуаңшылықтан сақтандырудың қолжетімділігін жақсарту мен арттыру бойынша шаралар қабылдауы керек", – дейді президент.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен алып тастады.

«Завучтан» зәбір көрген мұғалім: Үйіне апарып қара жұмысқа салатын (видео)
Ордабасыда «завуч»-қа қарсы халық митингке шықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу