Мәжіліс депутаты «Ескі қала» төңірегіндегі жол құрылыс жұмыстарымен танысты
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Наргиза Керимбаевамен бірге Д.Қонаев даңғылының жалғасы «Ескі қала» төңірегіндегі жол құрылыс жұмыстарымен танысты.
Д.Қонаев даңғылындағы жол құрылысының бірінші кезеңі Түркістан көшесінен Қошқар ата өзеніне дейін жүрген. Енді екінші кезеңін аяқтау үшін 2 жыл уақыт берілген. Ал жауаптылар 1 жылдың ішінде аяқтауға мүмкіндік барын айтады. Оның барлығы мемлекет мұқтаждығына алынатын үй иелермен келісімге келу жұмыстарына байланысты екен.
Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Отау-строй» ЖШС-і. Жол құрылысының ұзындығы – 580 метр. Жолақ саны – 6.
Жер асты ені – 42 метр. Жалпы жоба құны – 725 040 830 мың теңге.