«Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі»

Oinet.kz 01-07-2021 2033

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жқ-ның ұйымдастыруымен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында,Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «6 шілде-Астана күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Screenshot_2.jpg

Іс-шараға Түлкібас аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының бүлдіршіндері, ата-аналар, аудандық мәслихат депутаттары Қ.Спабекова, Р.Қарақұлов, Б.Тулешев, М.Асан қатысты.

Іс-шара барысында балаларға арнап концерттік бағдарламалар мен қойылымдар қойылып, түрлі ойындар ойнатылды. Бүлдіршіндер де қонақтарға ән-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті. Балаларға жеміс-жидек себеттері сыйлыққа тартылды. Мерекелік шараның өтуіне риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Screenshot_3.jpg

Screenshot_5.jpg

Іс-шараның өтуіне демеушілік көрсеткен аудандық мәслихаттың жас депутаты Мадияр Асхатұлы балалар мен олардың ата-аналарына ізгі тілегін арнап, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатының жеткізді. Аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының қызметкерлері тарапынан бүгінгі күнге дейін көрсетіліп жүрген еңбектері партия назарынан тыс қалмай, филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Сағымбекұлының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ләйлә Сұлтанқызының отбасында қайғылы жағдай орын алды
Меруерт Түсіпбаева: 50 жаста ғашық болып, өзімді 25-тегі қыздай сезініп жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу