Тоқаев қол қойған жаңа Кодекс күшіне енді

Oinet.kz 01-07-2021 989

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Тоқаев.jpg 

Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс. Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады. 

Бұл құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.

«Еш ұмыта алмаспын» - Назарбаев Путинге жансырын ақтарды
Бас мүфти қазақстандық QazVac вакцинасын салдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу