Электр желілерін зақымдау жазаланады

Oinet.kz 30-06-2021 624

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) келесіні хабарлайды.

Screenshot_1.jpg

Өздерңізге белгілі, көктем және жаз мезгілдерінде халақтың құрылыс жұмыстары өте қарқынды түрде жүргізеді. Бұл дегеніміз, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, электр желілерін немесе магистралды жылу және су желілеріне зақым келтіру қаупі көбейеді. Онымен қоса облыс аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, оның ауқымдылығы кейбір қауіпсіздік техникасын сақтауға қиындық туғызып отыр. Яғни, электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде, электр желілерін зақымдау жағдайлары көбейіп отыр.

Осыған байланысты, Департамент, электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарын қатаң сақтау қажеттігін, облыс тұрғындарына немесе электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізіп жатқан үлкенді-кішілі құрылыс немесе қызмет көрсететін компанияларға мәлімет үшін хабарлайды.

Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымынан емес жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

 Сондай-ақ, осы әрекетті бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 305-бабы әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтауды сұрайды.

Кәсіподақтар орталығында өткен брифинг
Түркістан: Түркістан облысында 63 ауыл округінде сайлау өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу