Кәсіподақтар орталығында өткен брифинг
Бүгін "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатына "Еркін ой", "Shymkent kelbeti", "Қызмет", "Ontustik Qazaqstan", "Южный Казахстан" газеттерінен, "Ontustik", "Айғақ", "Отырар", "Nar TV" телеарналары және "OnINFO.kz", "Oinet.KZ", "Didarbek.KZ" сайттарынан, сондай-ақ "Qazaq Radiosy" меншікті тілшісі қатысты.
Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, аутсорсинг бойынша мәдениет саласындағы кәсіподақ мүшелерінің жұмыстан қысқартылу қаупі алаңдаушылық тудырғанын айтып, үшжақты комиссия отырысында көтерілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде, аталған мәселе Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тарапынан толыққанды қаралып, мәдениет мекемелерінің аутсорсингке өтуі тиімсіз екенін жеткізді. Осыған байланысты ешкім де жұмыстан қысқартылмайды.
Бауыржан Ілімшеұлы сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің жалақыларының уақтылы төлеу мәселесі бойынша барлық қызметкердің жалақысы төленгенін және бүгінгі таңда бұл мәселе де толық шешімін тапқанын жеткізді.
«Ал, білім мекемелеріне айыппұл салу мәселесі де кәсіподақтар тарапынан көтеріліп, бұдан кейін білім мекемелеріне айыппұл салу мәселесі тоқтатылды.
Бұдан бөлек, №1, №2, №4 музыкалық мектептер және Өлкетану, туризм және экологиялық орталығы ғимаратының еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру жөнінде іс-шаралар жүргізіліп, жоғарыда аталған оқу орындарының талаптарына сәйкес, жаңа орындарға көшірілді. Осылайша, көтерілген мәселелер толыққанды шешімін тапты», – деді Бауыржан Әлтеев.
Жиын барысында қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық иелері БАҚ өкілдері марапатталды. Бауыржан Ілімшеұлы журналистерге шығармашылық табыс тілеп, елдегі сан түрлі әлеуметтік, мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қаз қалпында халыққа жеткізіп жүрген сала өкілдеріне алғыс білдірді.
Құттықтау шарасына "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары Бастарбек Пірімбетов пен Руслан Шеримов қатысты.
#kasipodaqkz
#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы