Биыл Түлкібас ауданында 12 шақырымға жуық аяқ жол пайдалануға берілді

Oinet.kz 29-06-2021 1212

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген мәселенің бірі елді мекендердегі күре жолдардың бойына аяқ жол (тротуар) салу болатын.

image.png

Аталған мәселені аудан әкімдігі биылғы жылдың жұмыс жоспарына енгізіп, нәтижесінде ағымдағы жылдың сәуір айында бірінші кезекте халық көп шоғырланатын 6 елді мекенде 11 700 метр аяқ жол құрылысы бастау алып, қазіргі таңда ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. 

Атап айтқанда: 

- Азаттық ауылы, Е.Қалдыбаев көшесі ұзындығы- 500 метр;

- Састөбе кенті, Жібек жолы, Ғ.Мұратбаев көшелеріне ұзындығы - 2500 метр;

- Амангелді ауылы, Атамекен және Е.Дүйсенбаева көшелеріне ұзындығы - 4300 метр;

- Шұқырбұлақ ауылы, Ахмет би көшесіне ұзындығы - 1500 метр;

- Арыс ауылдық округі, Керейт ауылы, Әсілбекұлы көшесіне ұзындығы - 700 метр;

- Балықты ауылдық округі Абай ауылы, Абай көшесіне ұзындығы - 2200 метр аяқ жол төселген.

Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстардың маңыздылығын ескеріп, жауын-шашынды күндері жүріп-тұруға және қауіпсіздік мақсатында жасалынған дүниеге алғыстарын айтуда.

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Вакцина - коронавирустың таралуын тежеді» - Алексей Цой
Қыран Талапбек: Мамамның баласы болғаныма мақтанамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу