Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жақын арада ВАК жиыны өткізілетінін, онда Нұр-Сұлтан қаласы мен басқа аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту мәселесін қарастыратындарын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Тоғжановтың айтуынша, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
- Вирустың репродуктивті индексі - 1, бірақ біз әлемде және шекаралас елдердегі жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни коронавирустың жаңа штамдары тез тарауда. Скринингтік тексерулер Нұр-Сұлтанда өткізілді, соның қорытындысы бойынша, министр Цой мұнда "дельта штаммы" келіп алғанын айтты. Осыған байланысты облыс әкімдері жағдайды бақылауда ұстауы керек, - деді ол.
Сонымен бірге, вице-премьер ВАК отырысын өткізетінін және Нұр-Сұлтан қаласы мен басқа аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту шараларын қарастыратындарын айтты.
- Сондай-ақ, адамдар көп шоғырланған жерлерде арақашықтықты сақтау керек, адамдар жеке қорғаныс құралдарын тағуы тиіс, сонымен қатар барлық аймақтардағы бақылау топтарының жұмысын күшейту керек, ал қоғамдық орындарда болатындар қорғаныс шараларын қатаң сақтауы қажет. Сондай-ақ "Ashyq" қосымшасы арқылы жүріп-тұру керек. Бұл жағдайды облыс әкімдері, барлық мемлекеттік органдар бақылауы керек, - деп түйіндеді сөзін Тоғжанов.