Түркістан облысы әкімінің орынбасары парамен ұсталды ма? Агенттік жауап берді

Oinet.kz 18-05-2021 1020

Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат таралды. Облысы әкімдігінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді.

news_full1621332053a728ae1b4a2420da2b86afa061c5a71a.jpgБелгілі болғандай, Мырзалиев гипертониялық кризиспен ауруханаға түскен.

Жақында Yedilov ONLINE Telegram-каналында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Каналдың ақпараты бойынша, әкім пара алды деп күдіктелуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі әзірге мұндай ақпарат жоқ деп мәлімдеді. Облыс әкімдігінде Мырзалиев ауруханада жатқанын айтты.

"Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде ауруханада жатыр. Ол гипертониялық кризис диагнозы қойылған аймақтағы ауруханалардың біріне орналастырылған. Артық түсіндірме бермеулеріңіз сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, - делінген әкімдік хабарламасында.

ҚР сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, әкім орынбасарынан куәгер ретінде жауап алынған. 

"Желіде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржанның ұсталуы туралы айтарымыз: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ісі бойынша Мырзалиевтен қорғаушы жалдауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды", - деді агенттік өкілдері. 

Бұған қоса, Мырзалиев күдікті ретінде қарастырылмағаны айтылды.

Сәуле Әбілдаханқызы алғашқы күйеуі жайлы айтты
БҚО-да найзағайдан зақым алған киіктер тірідей көмілген – Министрлік тексеруді бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу