Танымал актер Қанат Әлжаппаров тойға шығу гонорары қанша екенін айтты

Oinet.kz 11-05-2021 3178

Танымал жайдарманшы, "Әзіл әлемі" театрының актері Қанат Әлжаппаров тойдан алған ең көп гонорарын жасырмады. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қанат Әлжаппаров.jpg- Мен ақшаға қатты құнығып кеткен адам емеспін. Көпшілік ақшасын беріп, рахметін айтып жатады. Әркіммен келісесің. Той біткен соң риза болған ағалар 1000, 2000 доллар беріп жатады. 2000 долларды Қарағандыда берді. Гонорардың үстіне қосып.

Батыс, Шығыс, Қарағанды жақ мені тойға көп шақырады. Қызылорда жақтан телефон соққандарға гонорарым 1 мың доллар екенін айтсам тұтқаны қойып қояды (әзілдеп), - деді Қанат Әлжаппаров. 

«Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ» - қызынан таяқ жеген ана
Шымкент: Жұмыскерлердің 122,8 млн теңге көлемінде жалақы қарызы төленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу