Шымкент: Жұмыскерлердің 122,8 млн теңге көлемінде жалақы қарызы төленді

Oinet.kz 11-05-2021 653

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен брифинг өтті. 

Screenshot_1.jpg

Баспасөз мәжілісінде Бауыржан Ахметәліұлы, ең алдымен, Еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы баяндады.

– Өткен жылдың 19 желтоқсанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталған өзгерістер аясында персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт енгізілді. Яғни жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбекақы төлеуде, тұрмыстық-өндірістік жағдайлармен қамтамасыз ету кезінде кемсітуге тыйым салынды. Ал ауыр, еңбек жағдайлары зиян немесе қауіпті жұмыстарда істейтін жіберуші тараптың қызметкерлері үшін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы ұсынылды. Сондай-ақ, еңбегі ауыр қызметкерлерге жоғары лауазымдық жалақы немесе қосымша ақы және жұмыс уақытын қысқарту көзделіп отыр, – деді Б.Қалжанов.

Брифинг барысында спикер қаладағы еңбек қатынастарының жағдайына тоқталды. 

– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен арнайы мониторинг құрылып, биыл 26 кәсіпорындағы 1 428 жұмыскердің 122,8 млн теңге көлемінде жалақы қарызы төленді. Осы орайда қаладағы ұжымдық шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта) үлесі 79,1 пайызды құрап отыр. Ал «Халықтық бақылау» жобасына 13 және «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасына 48 кәсіпорын қосылды. Жалпы жыл басынан бері басқармада 2 298 құжат айналымға түсіп, жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш қабылданды. Бұл ретте 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық пен 16 кәсіпорында 1 559 жұмыскердің еңбек құқықтарының тәуекелдері анықталды, – деді ол. 

Еске салсақ, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Еңбек жолы» конкурсына өтінім 1 шілдеге дейін қабылданады. Үміткерлердің бұл өтінімдері 10 тамызға дейін зерделеніп, Министрлікке жолданады. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қазан айында өтеді. 

Айта кетейік, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласы бойынша 1 285 кәсіпорын электронды еңбек шартын жасасқан.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы 

Фото – Ернар Мамыр

Танымал актер Қанат Әлжаппаров тойға шығу гонорары қанша екенін айтты
Түйіткілді мәселе шешімін тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу