Аудан әкімі Ұлы Отан соғысы ардагеріне автокөлік сыйлады

Oinet.kz 11-05-2021 2999

OINET.KZ - Түркістан облысы, Ордабасы ауданында көзі тірі жалғыз соғыс ардагері тұрады. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың бастамасымен ардагерге темір тұлпар тарту етілді.

Соғыс ардагері.jpg

Қалмен Муратов 20.02.1924 жылы бұрынғы Арыс ауданы Бөржар ауылдық Кеңесіне қарасты И.В.Сталин атындағы колхозда дүниеге келген. Қазір таңда Ордабасы ауданына қарасты  Бадам ауылында тұрады.

1942 жылы 1 тамызда «Бірлік» орталау мектебінде 6-сынып оқып жүргенде әскерге шақырылады. Аягөзде командирлік курста оқып, сержанттық шен алады.1942 жылы солдаттарды соғысқа даярлады. 1942 жылы қараша айында Беларусь майданында алғашқы ұрысқа қатысады.1944 жылы ақпан айында Витебск қаласындағы шайқаста сол қолынан жарақаттанып, ауылына екінші топтағы мүгедек болып оралды.

Ұлы Отан соғысы ардагері.jpg

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және де көптеген мерекелік медалдары бар.

6 ұл-қыз тәрбиелеп, 31 немересі бар.

«Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады» - Даниал Ахметов
Ана тілімізді сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу