Ана тілімізді сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді - Тоқаев

Oinet.kz 11-05-2021 2340

OINET.KZ - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты.

Screenshot_3.jpg

«Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе, мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», - деді Президент.

Аудан әкімі Ұлы Отан соғысы ардагеріне автокөлік сыйлады
Қарт әжені темірмен ұрып, аяусыз тепкіге алған әйел видеоға түсіп қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу