«Мәжіліс республикалық бюджетті қарайды» - Мәжіліс спикері
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бюро отырысында депутаттар қарауына "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды.
Құжат 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына, Мемлекет Басшысының Жолдауына және коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған.
Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарау ұсынылды.
Палатаның алдағы жалпы отырысында заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.