Желіде Цойдың «Спутник V» вакцинасы зерттелмегені туралы «мәлімдемесі» тарады

Oinet.kz 21-04-2021 1650

TikTok әлеуметтік желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінен үзінді видео тарады. Видео кадрларында ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Видео авторлары Алексей Цой "Спутник V" вакцинасы туралы айтып жатқанына сенімді, деп хабарлайды Stop Fake.

Алексей Цой.jpg

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді.

- Денсаулық сақтау министрлігі видео денсаулық сақтау министрі журналистің сұрағына толыққанды жауап берген брифингтің видеосынан алынғанын айтты. Онда қазақстандық вакцина туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрінің брифингте берген толық жауабында қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың барлық кезеңінен, тіркеуден, қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі тиіс, тек осыдан кейін ол Қазақстанда жаппай қолдануға жіберіледі делінген, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

image.png

Желіде тарап жатқан видеода көрсетілген брифинг былтыр 1 қазанда өткен. Ол кезде министрге қазақстандық Qazvac вакцинасының клиникалық сынақтары және оған жеке өзі қатысқандығы туралы сұрақ қойылған.

Онда денсаулық сақтау министрі бүгінде барлық ниет білдірген адамға салынып жатқан "Спутник-V" вакцинасы туралы айтпаған. Оның сөздері отандық Qazvac препаратын әзірлеуге қатысты болған. Қазіргі уақытта вакцина клиникалық зертетулер сатысында. Аралық нәтижелерге сәйкес, ғалымдар ол қауіпсіз және тиімді деген қорытынды жасап отыр.

Портал мәліметіне сүйенсек, "Спутник-V" препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген клиникалық зерттеулер туралы есептерді кез келген адам ала алады.

Желіде Елжан Біртановтың адам танымастай өзгерген суреті жарияланды (фото)
«55 жаста зейнетке шығу керек» - депутат Смайылов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу