Аймағамбетовтың үстінен арыз жазған Анар Қайырбекова кім?
Күні кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті "шетелдік агент" деп айыптап, Елбасы мен Президентке арыз жазған Анар Қайырбекова шын мәнінде кім?
Анар Қайырбекова 1976 жылы 23 қаңтарда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысында дүниеге келген.
2001 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, 2012 жылы Мәскеудегі «Ресей Федерациясы Есеп палатасының жүйелік талдау ғылыми-зерттеу институтының» аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Көкшетау қаласындағы «КИД» ЖШС экономисі болып бастаған. 2000-2002 жылдары «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістерминистрлігі ШБ» Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кадр бөлімініңинспекторы, 2002-2003 жылдары «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттікжоспарлау министрлігінің ШБ» РМКК кадр бөлімінің инспекторы, экономисі қызметінатқарды.
2003-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде инспектор, бас маман, кеңесші-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-бас мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік бақылаушы болып жұмыс істеді. 2010 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында аға оқытушы қызметін қосымша атқарды.
2011-2013 жылдары Жамбыл облысы Ревизиялық комиссиясының мүшесі болды.
2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде үш департаментті басқарды: 2014-2015 жылдары Ішкі бақылау департаментінің директоры, 2015-2016 жылдары Әкімшілік департаментінің директоры, 2016 жылдан 2019 жылдың қазан айына дейін Әкімшілік жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарды. Соңғы қызметі: 2019 жылдың 10 қазанынан бастап 2020 жылдың 7 ақпанына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарды.